
АРДАГЕР — ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН!
«Ұстаз жолы — ұлы жол!» атты ұстаздардың төл мерекесіне арнап, мерекелік іс-шара өтті.
Т.Рысқұлов атындағы мектеп -лицейінде «Ұстаз жолы-ұлы жол» атты ардагер ұстаздарға арналған іс шара болып өтті. Ардагер ұстаздар жүрек жарды тілектерін білдірді. 9-сынып оқушыларының қатысуымен ардагер ұстаздарына арнап ән және жыр шумақтарын арнады. Мектебіміздің ардагер ұстаздары: Кішкентаева Т., Қыдырбаев П., Алимбаев Б., Құрбанов З., Билибаева Р қатысты. Мақсаты: оқушыларымызға үкенге құрмет көрсету, кішіге ізетті болуды үйрету
Құрметті ардагер ұстаздар! Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңізбен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың мектебіміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Осындай мейірімді және жарқын мереке күні барлық қазыналы қарттарымызға денсаулық, ұзақ өмір тілейміз, әрқашан артыңыздан ерген өскелең ұрпақпен данагөйлігіңізбен және тәжірибеңізбен бөлісе беріңіздер! Отбасыларыңызға бақ-береке, шаңырақтарыңызға шаттық орнасын. Мерекелеріңіз құтты болсын!
71131 848526I simply couldnt go away your website before suggesting that I really enjoyed the normal information an individual give on your visitors? Is gonna be back regularly in order to inspect new posts. 172111
823203 151389Nice weblog! Only difficulty is im running Firefox on Debian, and the site is seeking just a little.. weird! Perhaps you might want to test it to see for yourself. 735259