Қазақстандықтар 7-20-25 арқылы 999 миллиард теңгеге ипотека рәсімдеген

«7-20-25» бағдарламасы аясында бас-аяғы 73 161 қарыз берілді. Бұл жайында Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. 

2024 жылғы 28 наурыздағы жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 999 млрд теңгеге 73 161 несие берілген.

Ең көбі Астанада — 418,2 млрд теңге. Одан кейінгі орындарда 231,7 млрд теңгемен Алматы және 67,5 млрд теңгемен Шымкент тұр. 

«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, Қазақстанның орнықтылық қорына + 7 (727) 227-20-25 нөміріне хабарласуға болады.

Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз. 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin