Әлем чемпионы Махмұд Сабырханды шымкенттіктер зор қошеметпен күтіп алды

Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы Махмұд Сабырханды Шымкент әуежайынан жерлестері зор қошеметпен қарсы алды. Іс-шарада Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Дария Қожамжарова, сондай-ақ, спорт мектебінің басшылары, жаттықтырушылар әлем чемпионын құттықтап, құрмет көрсетті. Күтіп алу рәсіміне чемпионның ата-анасы, бауырлары да келген.

Бұл әлем чемпионаты тарихи жеңіс сыйлады. Осындай жеңісті сәттер жастарды жігерлендіреді. Осылай ата-анасымен бірге жанкүйерлердің күтіп алуы спортшыға күш-жігер береді деп ойлаймын. Алдағы додаларда бағы жанып, Махмұд жанкүйерлерді жарқын жеңіспен қуанта берсін. Соған бәріміз тілекші болайық, – деді Мақсұт Пернебайұлы.

Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы, қалалық бокс федерациясының басшысы Б.Нарымбетов әлем чемпионатына барып, жанкүйерлік еткенін, осындай жеңімпаздардың арқасында ұлттық рух көтерілгенін атап өтті. Іс-шарада әлем чемпионы бұл жеңіспен тоқтап қалмайтынын, жанкүйерлер сенімін ақтауға бар күшін салатынын айты.

Шымкент қалалық «Кәсіпқой бокс түрлері клубының» спортшысы Махмұд Сабырхан 54 келі салмақта әлем чемпионы атанды. Ол Венгрия, Үндістан, Гана, Куба елінің мықтыларын жеңіп, финалға шыққан болатын. Финалда шаршы алаң қожайыны Ойбек Жураевты тас-талқан етіп жеңді. Әлем чемпионатында бес кездесу өткізіп, жекпе-жектің бәрін де 5:0 есебімен аяқтады.

Әлемдік сайыста ҚР ұлттық құрамасы 4 алтын, 1 күміс жүлде олжалап, жалыкомандалық есепте екінші орыннан көрінді.

Естеріңзге сала кетейік, 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында ел үміт күткен 21 жастағы Махмұд Сабырхан әлемдік сынды екінші орынмен аяқтаған еді. 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмұд финалда жапондық Тамоя Цубойдан 0:5 есебімен ұтылған болатын.

Әлем Чемпионатынан күміс жүлдемен оралған Махмұд Сабырхан: «Бұл жалғыз менің жеңісім емес.Ата-анам, бапкерлерім және жанкүйер болған халықтың жеңісі. Әлем чемпионатында бес кездесу өткіздім. Оның төртеуін жеңіспен аяқтадым. Барлық жекпе-жегім оңайға соққан жоқ. Олимпиададан кейін әлем чемпионатына барымызды салып дайындалдық. Чемпион атанамын деп ойлаған едім. Бірақ бұйырғаны күміс болды. Келесі жылы Азия ойындар болады. Әрі Ташкентте өтетін әлем чемпионатында көк туымызды көтергім келеді. Жарыстарға дайындалып, өз есемді қайтарамын»,– деген еді. Ол сөзінде тұрды!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.