Жаңа қаулы: Шымкентте шектеу шаралары ұзартылды

Шымкентте шектеу шаралары ұзартылды.


Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешімімен мегаполис аумағында карантин режимін және коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу жөніндегі енгізілген шектеу шаралары 2021 жылдың 16 мамырынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды.

Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

Қала тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. 65-тен асқан адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Көшеде және қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтық пен бетперде режимін сақтау керек. Сонымен қатар, нысандардың атқаратын қызметтері ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында бекіткен алгоритмге сәйкес жүргізілу керектігі көрсетілген.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден (GOV.KZ (www.gov.kz) оқуға болады.

Айта кетейік, 17 мамырдағы жағдай бойынша, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары тұр. «Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстары орналасқан. «Жасыл» аймаққа Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары енді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.