Күшті желдің салдары: Тиісті жұмыстар атқарылуда

Шымкент қаласында желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетіп отыр.


Қолайсыз ауа райының салдарынан қаладағы Нұрсәт, Тараз, Солтүстік — Шығыс шағын аудандарында электр қуаты апатты өшкен болатын. Кей көшелерде бағдаршамдар жұмыс істемей қалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін, 14.05.2021 жыл сағат 07:15-те «Восточная» 110/10 кВ қосалқы станциясынан 27 ұяшықтан шығатын 10 кВ әуе желісінде қатты жел салдарынан изолятор орнынан шығып кетіп, желілер айқасуы орын алды. Осының салдарынан электр қуаты апатты өшіп, басқа желіге ауыстыру жұмыстарынан соң Нұрсәт шағын ауданына электр қуаты берілді. Қалған 2 шағын ауданды электр қуатына қосу үшін басқа желіге ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасының мамандары қала тұрғындарынан аздап келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, электр қуатын ретке келтіру үшін арнайы бригада жұмылдырылып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.