Мақтааралдық балуан «Қазақстан барысы» турнирінде Түркістан облысының намысын қорғайды

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов облыстық «Түркістан барысы» турнирінде күміс жүлдегер атанған Әліби Жұмаділлаевты және оның жаттықтырушысы Марат Керімбековты арнайы құттықтады.


Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сонымен қатар, 4-шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстан барысы» турнирінің ақтық жарысына жолдама алған жас спортшыға сәттілік тіледі.

Ағымдағы жылдың 5-6 мамыр күндері Отырар ауданының орталығы Шəуілдір ауылында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен республикалық жарысқа іріктеуге арналған «Түркістан барысы» турнирі өткен болатын. Облыстық жарысқа 21 талантты балуан қатыстып, өзара бақ сынасты. Нәтижесінде Мақтаарал ауданының атынан барған Әліби Әлімұлы күміс жүлдегер атанып, республикалық «Қазақстан барысы» турнирінің ақтық жарысына жолдама алды.

Осылайша мақтааралдық балуан 4-шілде күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Jekpe-jek» сарайында өтетін «Қазақстан барысы» турнирінде Түркістан облысының намысын қорғайтын болады.

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.