Түркістан: Жетісайдағы медициналық орталық күніне 100-ге жуық науқасты қабылдап, оларға 10 түрлі медициналық көмек көртсетеді

Түркістан облысының арнайы ақпараттық тобы Жетісай ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты.


Ең алдымен тілшілер тобы Шаблан Ділдәбеков ауылдық округіне қарасты Жаңа Дала ауылындағы бақша дақылдарын егумен айналысатын «Рахман» шаруа қожалығының жағдайымен танысты.

Қожалықтың төрағасы Руслан Құдайқұловтың иелігінде 7, 5 гектар жер болса. Соның 1,5 гектарына қырыққабат, 3 гектарға болгар бұрышы, және қалған жеріне қарбыз егіп тұрмысын түзеп отыр. Қаламы қарымды журналистер қожалық төрағасымен сұхбаттасып диханшылығы жайында толық мәліметті алды.

Жалпы бүгінгі таңда Жетісай ауданында ерте пісетін қарбыздардың артылуы жүріп жатыр. Өздеріңізге белгілі алғашқы жиналған 22 тонна өнім Ресей федерациясына жіберілген болатын. Бүгінгі таңда аудан дихандары ерте пісетін 1700 тонна қарбыз, және 170 тоннаға жуық қауын жинап үлгерген. Шаруалардың вегетациялық суғару жұмыстарын жүргізуге ағын су жеткілікті мөлшерде беріліп жатыр.

Мұнан соң журналистер қауымы аудан орталығы Жетісай қаласында орналасқан «Ұлықбек» аяқ киім тігу цехында болды. Мұнда жеке кәсіпкер Ұлықбек Әбдірахманов 15 адамды тұрақты түрде жұмыспен қамтып отыр. Аталмыш цехта аяқ киімдер маусымдық болып шығарылады. Шикізаттар көршілес Өзбекстан мен Ресей Федерациясынан әкелінеді. Мұнда аяқ-киімнің 6 түрі өндіріледі. Кәсіпорында бір күнде 2 мың жұп аяқ киім шығады. Шығарылған өнімдер Республика көлемінде саудаланып жатыр.

Бұдан кейін, қаламы қарымды тілшілердің сапары – Жаңа ауыл ауылдық округі Ынтымақ елді мекенінде орналасқан «Қыдыр ата»медициналық орталығнда жалғасты. Құны 120 миллион теңге тұратын жоба күніне 100 ге жуық науқастарды қабылдап оларға 10 түрлі медициналық көмек көртсете алады. Алдағы уіақытта бұл жерден ересектер мен балаларға арналған жатып ем алу бөлімі ашылатын болады. Қазіргі таңда аталмыш медициналық орталық 22 адамды тұрақты түрде жұмыспен қамтып отыр. Жалпы Жетісай ауданы бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 2020-21 жылдары 1575 азамат тұрақты түрде жұмыспен қамтылған. Бұл өз кезегінде облыс бойыннша ең түздік көрсеткіш бодлып табылады.

Келесі кезекте журналистер қауымы

Жетісай қаласын ұлғайту мақсатында салынып жатқан 80 гектар аумақта орналасқан тұрғын-үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазір бұл жерде 5 қабатты 60 пәтерлі 2үй, және 2 қабатты 80 пәтерлі 4 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Аталмыш жұмыстар толық аяқталған кезде 200 баспана тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға кезекпен берілнетін болады. Бұдан бөлек Жетісай ауданында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, тұрмысы төмен көп балалы аналарға 88 баспананың кілті табыс етілген. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.