Түркістан: Облыс орталығында бірнеше заманауи спорт кешендерінің құрылысы жүргізілуде

Түркістан облысында спортты дамытуға ерекше көңіл бөлген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен облыс орталығында бірнеше заманауи спорт кешендерінің құрылысы жүргізілуде.


Шаһарда елімізде теңдесі жоқ спорт кешендері бар ескек есу каналы пайда болды. Ескек есу жəне байдарка спорты бойынша олимпиадалық стандартқа сай орталық 100 гектар жерге жайғасқан. Осылайша Қазақстанда су спорт түрлерінің дамуына ықпал етіп қана қоймай, Түркістанда жоғары деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік туды. Жобаның мақсаты — Қазақстандағы Олимпиада ойындарының бағдарламасы бойынша академиялық есу спортының барлық түрлерін дамыту. Құрылыс-монтаж жұмыстарының барысын бақылаған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты тұлғаларға тапсырма беріп, құрылысты кестеден кешіктірмей аяқтауды жүктеді.

1000 көрерменге арналған жай, сапбординг, су шаңғысы, флайбординг, вейксерфинг, канополо, драгонбот және жағажай ойындар футболы, волейбол, гандбол, теннис, регби секілді су және жағажай спортының танымал түрлерін дамытуға септігін тигізетін спорт кешенінде спорт және ойын алаңдары, аквапарк, балалар аттракциондары және тағы бас нысандар орналасады. Каналдың жалпы ұзындығы – 2222 м. Ені – 260 м, тереңдігі – 4 метр. Кешенге су жаңадан салынған «Кеңсай-Қосқорған-2» су реттегішінен келеді. Суды сақтау, тазарту бойынша АҚШ-тан арнайы алдырылған су жүйелері орнатылмақ.

Түркістан қаласындағы теннис орталығы салынып жатыр. Сәуір айында құрылысы басталған орталық келер жылы ашылады. Жоба мақсаты — жоғары дәрежелі спортшыларды дайындап, теннисті дамыту. Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы олимпиадалық резерв мектебінің әкімшілік ғимараты мен жатақхананың құрылыс алаңында болды. 4 гектар жерде орналасқан кешеннің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.

Облыс әкімінің тікелей бақылауымен облыс орталығында мұз айдынының құрылысы салынуда. 2 гектар жерде орналасқан әлемдік стандарттарға сай мұз айдыны 1200 адамға есептелген. Заманауи кешен 2022 жылдың соңында ел игілігіне беріледі.

«TURAN» футбол академиясының құрылыс барысын бақылаған өңір басшысы мердігерлермен кездесті. 20 гектар жерде құрылысы басталған футбол академиясының инфрақұрылымы әлемдік стандарттарға сәйкес келеді және мұнда спортшыларға Еуропаның үздік клубтарына сәйкес жағдай жасалады. Жаңа кешенде еуропалық стандартқа сәйкес келетін 11 үлкен және шағын футбол алаңы, жасанды жабын, толық суару және дренаж жүйесі бар. Допинг-бақылау кабинеттері, 300 орындық қонақ үй, спортшыларға арналған монша, 3 мейрамхана, 4 конференц зал, медициналық, массаж кабинеттері, кір жууға арналған жеке блок және ас үймен жабдықталған. Жаттығу залы барлық топтарға арналған жабдықтармен жабдықталған. Футбол академиясының аумағы абаттандырылып, күрделі суару жүйесі жүргізіледі.

Түркістан қаласында ат спорты кешені салынуда. 35 гектар жерде орналасқан кешенде Поло-клуб, манеж, стендтік атысқа арналған алаңқай, садақ атуға арналған алаң, канал арқылы өтетін көпір мен атпен серуендеу аймағы салынады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.