Түркістан: «Теннис орталығының» құрылысы басталады

Рашид Абатұлы спортты серік етер жандар үшін «Теннис орталығының» құрылысы басталатынын, ол ашық аспан астындағы теннис корттарының жалғасы болатынын білдірді.


Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Бұқаралық ақпарат құралдарымен өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. Нәтижесінде, аталған спорт түрінен қала абыройын арттырар азаматтар саны мен тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізу мүмкіндігі артпақ. Сонымен қатар, ескек есу каналы да микроклиматты жақсартып қана қоймай, туризмнің дамуына сеп бермек. Ана мен бала орталығы, Реабилитациялық орталық, Стоматология клиникасы және Назарбаев интеллектуалды мектебі құрылыстары – қала тіршілігі, тұрғындар тұрмысы үшін маңызды сала және нысан ретінде ерекше көңіл бөлінген ғимараттар болып табылады.

Рашид Аюпов одан өзге қаланың 3000 жылдық тарихы жайлы айтып, Күлтөбе қалажұртының археологиялық зерттеу жұмыстарына БАҚ өкілдерін де қатысуға шақырды. Айта кетейік, баспасөз брифингі Түркістан қаласы әкімдігінің «Instagram» және «Facebook» парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді. БАҚ өкілдерімен өткен сұқбаттан соң пресс-тур өтіп, онда журналистер қауымы Түркістан музыкалық драма театрының, «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының, «Ұлы дала елі» ғимараттарының жұмысымен танысып, қойылымдарын тамашалады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.