Түркістан: Түлкібас ауданында мал бордақылау кәсібін дамытып отырғандар қатары артып келеді

Түлкібаста 80-ге жуық мал бордақылау алаңы жұмыс істейді.


Ауданда үйіргелік шағын қораларды айтпағанда ірі қара және жылқыны бордақылаумен айналысатын 76 шаруашылық бар. Қора-жайларда 2000 бастан астам ірі қара мен жылқы бордақылануда.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Шералы Өміралиев мал бордақылау ісін отбасылық кәсіпке айналдырғандардың бірі. «Адал» шаруа қожалығының иесі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 800 млн тенге несие алуға құжаттарын өткізген. Несие алып, қаржыға қол жеткізсе 1000 бас ірі қара мал бордақылауды жоспарлап отыр.

Кәсіпкер осыдан 5-6 жыл бұрын өз қаржысына 10-15 бас жылқы алып, мал бордақылау кәсібін бастаған. Бүгінде бордақы басын арттырып, кәсібінің-нәсібін көріп отыр. Ол 70 бас етті бағыттағы «Ақ бас» ірі қараны, 250 бас «Қазақы қой» және 30 бас жылқы бордақылап, еттің әр келісін 1900-2000 теңгеден сауда орындарына өткізуде. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.