Түркістан: Шардара өңіріндегі «Шардара армспорты» клубында дзюдо залы ашылды

Армрестлинг спортынан әлемге танымал жүйріктер шыққан Шардара өңіріндегі «Шардара армспорты» клубында дзюдо залы ашылды.


Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысып, кездесуге келген жастарға сәттілік тіледі.

«Армрестлинг деген сирек кездесетін спорт түрінен Шардара ауданының спортшылары ірі додаларда еліміздің атын әлемге паш етіп жүр. Шекара таңдамайтын спорт арқылы жерлестеріміз әлем жұртшылығына танымал. Денсаулықтың негізгі шарты — мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты өмір салты әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған» деп атап көрсеткен. Жалпы, спортпен шұғылданамын деген адам жер таңдамайды. Нағыз талантты жастар ауылда»,-деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Дзюдо залында жергілікті ұл — қыздар жаттығатын болады. Қол күрес спортынан мықтылығын әлемге мойындатып келетін шардаралық жастар клубта бокс, күрес, каратэ, найза, ядро лақтырумен шұғылданады.

Облыс басшысының атынан кәсіби спортшыларға арналған америкалық спорт жабдықтары сыйға тартылды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.