Шымкентте кәсіпкерлерге жаңа форматта қызмет көрсететін кеңсе ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарыс кезінде кәсіпкерлік саласына қолдау көрсету тапсырмасы негізінде бүгін Шымкент қаласында «Бизнеске арналған Үкімет- Shymkent INVEST» кеңсесі жаңа форматта қайта ашылды.


Бұл жоба кәсіпкерлерге бір көзден орталықтандырылған мемлекеттік және сервистік қызметтерді жедел алуға көмектеседі. Мұнда нишалық жобаларды сүйемелдеу, жеңілдетілген 1% несие беру, «1000 сауда орны» бағдарламасы бойынша жер учаскелерін алу және қаржы секторы, тауарды жылжыту, инвестиция, цифрлық, құқықтық, компетенция және мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Осылайша, кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін бірыңғай хаб құрылады.

Сонымен қатар, мұнда бастауыш кәсіпкерлерге «Бизнес-мектеп», «Бастау-бизнес» оқыту бағдарламалары бойынша кәсіпкерліктің негізі оқытылады.
Ашылу рәсіміне қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов өңірдегі экономикалық жағдайды жақсарту бойынша қабылданған антикризистік шаралар өз жемісін беретініне сенімді екенін жеткізді.

Сондай-ақ, бағдарламада межеленген микроқаржы ұйымын құрып, жеңілдетілген несие, нишалық жобалар мен «егістіктен дүкен сөресіне дейін» және мемлекеттік бағдарламалардың бүкіл мүмкіндіктерін барынша қолдануды айтты.

Іс-шара барысында сөз алған Шымкент қаласы кәсіпкерлер Палатасының директоры Нұрлан Қабиштаев мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік саласында жыл соңына дейін жалпы 29,5 млрд. теңге игеру жоспарланғанын атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстарында «Егістіктен дүкен сөресіне дейін» пилоттық жобалары іске қосылатын болады. Бұл ретте түркістандық шаруалармен өндірілетін тауарларды өткізу нарығының бірден бір нүктесі Шымкент қаласы болып табылмақ.

Түркістан облысында өндірілетін ауылшаруашылық өнімдерін Шымкент қаласында қайта өңдеп, фасовка және упаковка жасау арқылы тамақ өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруға, өзіндік қосалқы шаруашылықтың (ЛПХ) көлеңкелі экономикадан шығуына және қосымша жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.