Шымкентте 256 көше жөндеуден өтеді

2020 жылы Шымкентте 256 көше жөндеуден өтеді. Оған бюджеттен 27 миллиард теңге қарастырылған. Бұл былтыр бөлінген қаражаттан екі есе артық.


Демек, қаламыздағы біраз жолдар ретке келтіріледі. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, жыл басынан бері 40-қа жуық көшеде жөндеу жұмыстары аяқталған.

256 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланса, 240 нысандағы жұмыстар биыл толықтай аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Бұл жобалардың ішінде қаланың негізгі даңғылдарын орташа және күрделі жөндеу жұмыстарынан бөлек шалғай елді мекен көшелерін асфальтбетондау бар.  Сонымен қатар 7 көпір мен бір жер асты өткелінің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Биыл құрылыс жұмыстары қарқын алған жолдардың бірі – Рысқұлов көшесі. Оған бюджеттен 1 млрд 350 млн теңге бөлініп отыр. Мұнда соңғы рет 2008 жылы жөндеу жүргізілген. Ағымдағы жылдың сәуірінде басталған орташа жөндеудің аяқталу мерзімі 2021 жылы қазан айында, -дейді мамандар.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.