Шымкенттіктер автоемтиханнан өтпес бұрын, мамандандырылған ХҚО-да жол қозғалысының теориясы бойынша білімін сынап көре алады

Шымкенттік жүргізушілер екі автоматтандырылған автодромда емтихан тапсыра алады.


Жыл басынан бері мыңнан астам шымкенттік осы мүмкіндікті пайдаланып, жол қозғалысы ережелері бойынша білімін тексерген.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 3 мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді. Оның екеуі автоматтандырылған автодроммен жабдықталған. Алдын ала білімін тексеру үшін болашақ автожүргізушілер екі автодромда тестілеу сынағынан өте алады. Қызмет түрі ақылы.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаеваның айтуынша, әрбір үміткер емтихан тапсырар алдында өз білімін автоХҚО-да ақылы түрде тексере алады. Бұл мүмкіндік үміткерге емтиханнан сүрінбей өтуіне ықпал етеді. Мысалы, үміткер куәлік алу үшін теориялық және практикалық емтихан тапсырады, оған 3 мүмкіндік беріледі. Егер үшеуінен де сәтсіз өтсе, келесі емтиханды тек алты айдан кейін тапсырады. Ал алдын ала тестілеуде қай сұрақтарға дайындалу қажет екенін, өзінің осал тұстарын түсініп, кейін дайындалып келуге болады».

Айта кетейік, жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан барысында 40 сұрақ беріледі, ал автодромда 12 жаттығудан тұратын практикалық емтиханнан өтуі керек.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.