Шымкенттік спортшылар стенд атудан Green Cup турнирінің жеңімпазы атанды

Шымкенттік спортшылар Мария Дмитриенко және Виктор Хасянов – Италиядағы Green Cup турнирінің жеңімпазы атанды.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Италияның Тоди қаласында стенд атудан Green Cup халықаралық турнирі өтуде. Қазақстан құрамасының өкілдері айтулы бәсекеде 4 медаль жеңіп алды.

Шымкент қаласының спортшылары – Мария Дмитриенко мен Виктор Хасянов «Трап микс» жұптық жаттығуында үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында бақ сынаған шымкенттік спортшылар екі жүлдеге иелік етті. Жасөспірімдер арасында «Трап» жаттығуы бойынша финалда табан тірескен сайыста шымкенттік спортшы Анастасия Прилепина күміс медальға ие болды. Ал,  «Скит» жаттығуында Амалия Кудрявцева қола жүлде иеленді.

Халықаралық дода 14-24 мамыр аралығына жоспарланған.

Атап өту керек, медаль иеленген қазақстандық спортышлар қатары бұл ғана емес. Жасөспірімдер арасында «Трап» жаттығуының ақтық сынағында қызылордалық спортшы Әлішер Айсалбаев мықты теке-тіресте күміс медальға ие болды. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.