Шымкент: Абаттандыру жұмыстары жүруде

Шымкент қаласында абаттандыру жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда, Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 2 гүлзарда абаттандыру, қайта құру жұмыстары жүргізілуде.


Қазіргі таңда, Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 2 гүлзарда абаттандыру, қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент Ақпараттық коммуникациялық орталығы хабарлайды.

— Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстарының жобасы қолға алынды. Нысан аумағында газон алаңы толықтай жаңартылып, веложол, жарық шамдар және орындықтар орнатылу қаралған. Қосымша қылқан жапырақты ағаш көшеттері, декоративті гүлдер отырғызылатын болады, – дейді Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов.

Сондай-ақ, Д.Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесі қиылысындағы гүлзарды абаттандыру жұмыстары басталған.
Ғабит Мәуленқұловтың айтуынша, бұл нысандар Шымкент қаласының өзіндік келбетін айшықтап, қала тұрғындары үшін демалатын аймаққа айналатын болады.

Айта кетейік, аудан аумағында 13 саябақ, 18 гүлзар, 17 ескерткіш және 11 субұрқақ бар.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.