Шымкент: «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру бойынша байқау жариялайды.


Байқауға ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен жас кәсіпкерлер қатыса алады. Мемлекеттік гранттарды жеңіп алу арқылы, өз кәсібін дөңгелетуге мол мүмкіндік беріледі.

Байқау ашық конкурс түрінде өтеді. Қатысамын деп ниет білдіргендер болса, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына немесе фронт-офиске өз өтінімдері мен құдаттарын өткізулері тиіс.

Байқауға құжат қабылдау осы жылдың «15» маусымынан бастап «29» маусымға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мекен-жайы:
Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы 10.
Пошталық мекенжайы: 160000.
Байланыс телефоны: 8 (7252) 24-75-12, 24-74-27.

Айта кетейік, Шымкент қаласында «Бизнеске арналған үкімет-Shymkent invest» кеңсесі жақын күндері жұмысын бастайды. Бұл жоба- кәсіпкерлерді қолдау мақсатында әзірленген дағдарысқа қарсы іс-шара жоспары аясында жүзеге асырылып отыр. Мұнда барлық қызметтерді бір жерден алу үшін кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдай жасалғанын айтқан палата директоры орталыққа — кәсіпкер бизнесінде туындаған сұрақтардың күрделілігіне қарамастан жүгіне алатынын атап өтті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.