Шымкент: Инновациялық идеяларға грант беру байқауы басталды

Егер сіздің инновациялық идеяңыз болса, онда сіз үшін жақсы жаңалық!


Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін «5 млн. теңгеге дейінгі» мемлекеттік гранттар беру бойынша байқау өткізу туралы хабарлайды.

Айта кету керек, байқауға қатысу үшін өтінім беру орны: Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі 304г, «Бизнеске арналған үкімет» ғимараты.

Байқауға құжаттамаға өтінімдерді ұсыну мерзімдері

Өтінімдерді беруді бастау күні мен уақыты: 2021 жылдың 5 сәуірі сағат 10-00-ден бастап;

Өтінімдерді беруді аяқтау күні мен уақыты: 2021 жылғы 19 сәуірі сағат 13-00-ге дейін;

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.

Байланыс телефондары:

8(777)-527-50-69; 8 (7252)-24-74-23, 8(7252)-24-74-25, 8(7252)-24-74-27 (толық ақпарат Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында орналасқан shymkent.gov.kz, «Кәсіпкерлік» бөлімінде).

«Байқауға қатысып, өзіңіздің инновациялық жобаңызды іске асырыңыз!»,-дейді Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мамандары.

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.