Шымкент: Тұрғын үйлерге тартылған электр желісінің сапасы тексерілді

Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасы электр жарығы жиі сөніп қалатын Нұрсәт тұрғын алабында орналасқан 12 этаждық 8 тұрғын үйге тартылған электр жүйелерін, кабельдерін жұмысшы топпен қарап шықты.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Анықталған кемшіліктер бойынша мердігер мекемеге істен шыққан резервтік кабель желісін қалпына келтіруге және жер бетінен талапқа сай тереңдікпен жүргізуге, әр 10 метр сайын кабель желісінің өту жолын көрсететін бағаналар орнатып ескертпе белгілер орнату бойынша тапсырма берілді.

Сондай-ақ, энергетиктер тұрғын алабтарда электр жарығының жиі өшу себебін анытауда.Электр жарығының жиі өшуіне байланысты Нұрсәт тұрғын алабындағы Ә.Юсупова гимнастикалық мектебінің артқы бөлігінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары тарапынан шағым түскен болатын. Осыған орай, мен кездесіп, шағымдары ескерілді. Осыған байланысты, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасы аталған тұрғын үй тұрғындарымен кездесті.

Онда жұмысшы топ тартылған электр жүйелерін, трансформаторларын, кабельдерін қарап шығып, барлық кабель желісінің бүтіндігін анықтау үшін лабараториялық сынақтан өткізіп, нәтижесіне сәйкес 1 ай мерзімде мердігер мекемеге сынақтан өтпеген кабельдерді қалпына келтіруге тапсырма берілді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.