Шымкент қалалық № 9 көркем гимнастика спорт мектебінің шәкірті Алина Әділханова – Олимпиада жолдамасының иегері атанды

Шымкент қалалық № 9 көркем гимнастика спорт мектебінің шәкірті Алина Әділханова – Олимпиада жолдамасының иегері атанды


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Көркем гимнастикадан Ташкентте өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында Алина Әділханова жеңімпаз атанып, Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алина Әділханова көпсайыс қорытындысы бойынша 95.15 ұпай жинап, жеңіске жетті. Екінші және үшінші орынды өзбекстандықтар Тахмина Икромова (92.90) мен Екатерина Фетисова (90.85) иеленген.

Қазақстан атынан сынға түскен тағы бір спортшы Адиля Тілекенова жетінші орынға табан тіреді. Лицензиялық Азия біріншілігі 6 маусымда басталған болатын. Жарыс ережесі бойынша тек жеңімпаз атанған спортшыға Олимпиада жолдамасы табысталады.

Алина Әділханова 2018 жылғы Азия ойындарының чемпионы. Шымкент қалалық № 9 көркем гимнастика спорт мектебінің шәкірті. Бүгінде ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Әлия Юсуповадан тәлім алады. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.