Шымкент қаласының аудан аумақтарында көп жылдық ағаш көшеттері және гүлдерді егу жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласының аудан аумақтарында көп жылдық ағаш көшеттері және гүлдерді егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Абай ауданы аумағында бүгінде негізгі орталық көшелердің бойына көп жылдық гүлдер мен ағаш көшеттер отырығызылды.

Атап айтқанда, Момышұлы-Республика даңғылына – 8000 дана (сальвия, шафран, катаранс), Республика көшесіне – 2000 дана (шафран), әуежай аумағына – 4270 дана (циния, шафран, бананзе), Темірлан тас жолы (Бекжан, Агромад, Закир дүкендері) – 20 000 дана (циния, шафран, сальвия, газани, бананзе) және Бейбітшілік көшесіне – 1200 дана (шафран) гүл көшеттері отырғызылды.

Сонымен қатар, «Build Stroi» ЖШС жасыл желектерге егілген көшеттерді күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруда. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімі аппаратының тікелей бақылауында.

Атап өту керек, аудан әкімі аппараты әлеуметтік желіге монитиринг жүргізіп, қоқыс алаңшасының айналасындағы бей-берекет қоқыстарды тазалау жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар, Ш.Қалдаяқов көшесі, №2 көпқабатты тұрғын үйдің ауласында қураған ағашты қырқу туралы тұрғындар өтініш жасаған еді. Соған сәйкес, қураған және кедергі келтірген ағаш бұталарын қырқу жұмыстары жүргізілді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.