«Шымкент құс» ЖШС: Жылына 105 млн. дана жұмыртқа және 2000 тонна бройлер құс етін өндіруге қауқары бар

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қаланың ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосып жатқан бірқатар ірі нысандардың жұмысымен танысты. Шаhар басшысы бұл нысандарды қаланың ауыл шаруашылығы саласына жауапты орынбасары М.Исахов және Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбековпен бірге аралады.


Ірі кешендердің тынысымен танысу жұмысы қаланың Жібек Жолы көшесі бойында орналасқан «Рахат-Шымкент» ЖШС кондитер өнімдерін өндіретін нысанмен жалғасты.
Бұл кондитерлік фабрикада 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Олар жылына 3,5 мың тонна мармелад өнімін шығарады. Ал өнімдерін қаламыз бен еліміздің өзге өңірлерінен басқа Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Әзірбайжан және Қытай мемлекеттеріне жөнелтеді.
М.Дүйсенбекұлының өндіріс орындарын аралауы Абай ауданы, Қызылжар елді мекенінде орналасқан «Шымкент құс» ЖШС тауарлы жұмыртқа және бройлер етін өндіру бағытындағы құс фермасымен аяқталды. Кешеннің орналасқан жалпы аумағы 57,7 га құрайды. Мұнда 320 адам тұрақты жұмыс істейді.
Бұл фабрикада 602,7 мың бас құс өсірілуде. Олар – жұмыртқалағыш мекиен тауық (286 мың бас), жас балапан (154 мың бас) және бройлер (123мың бас). Ал жұмыртқаларды жинау мен сорттау процестері жайлы айтсақ, ол автоматтандырылған жүйе түрінде жұмыс істейді. Яғни, құс фермасының жылына 105 млн. дана жұмыртқа және 2000 тонна бройлер құс етін өндіруге қауқары бар.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.