Шымкент: 2020 жылы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бюджеттен 11,3 млрд. теңге қаржы бөлінді

Шымкент қаласында 2020 жылы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бюджеттен 11,3 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы қала әкімі брифингте мәлім етті.


Шаhар басшысы брифинг кезінде қалада кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2020 жылғы бюджетте 11,3 млрд.теңге қаржы бөлініп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,6 млрд.теңгеге немесе 2 есе жоғары екенін жеткізді.

Мәселен,
– Ауылшаруашылық субсидияларына 4,2 млрд.теңге;

– Пайыздық мөлшерлемелерді ішінара субсидиялауға 5,2 млрд.теңге;
– Кредиттерді ішінара кепілдендіруге 823 млн.теңге;

– Инновациялық жобаларға грант беруге 205 млн.теңге;

– Жеңілдетілген несие бөлуге 816 млн.теңге және кәсіпкерлік қызметті қолдауға 40 млн.теңге бөлінген.

Бұдан бөлек Мұрат Әйтенов онлайн-брифингте елімізде төтенше жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен Үкіметте экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөнінде кешенді жоспар әзірленгенін айтты. Осы жоспарға сәйкес Шымкент қаласында дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілген.

Жоспарда бағаны тұрақтандыру, жергілікті тауар өндірушілерді қорғау, 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша 29 іс-шара қарастырылған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.