Қазығұрт: №11 колледж тарихы мен жеткен жетістіктері

Колледж мұрағатындағы көне тігінділерді парақтап отырып, колледж тарихына үңілсек, колледж 1958 жылы есігін ашқан. Қазығұрт ауданында орналасқан «№11 колледж» 1958 жылы қараша айында Тұрбат елді мекенінде МТС базасында «Ауыл шаруашылығын механизациялау» училищесі болып ашылды.1959 жылы қаңтар айында «Кең көлемді тракторист-машинист» мамандығы бойынша 87 оқушы қабылданды. 1979 жылы оқу орны Қазығұрт ауданының орталығына көшірілді. 64 жылдық тарихы бар №11 колледж — еліміздің қоғамдық өмірі мен білім, ғылым, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәгері болды. Бүгінгі күнге дейін 26 мыңнан аса жастар түрлі мамандықтар алып шықты.Осы оқу орнын аяқтаған жастар ауыл шаруашылық саласында, құрылыс және өндіріс орындарында белсенді еңбек етіп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Колледж тарихының әрбір кірпіші оның белгілі ғалымдары, оқытушылары мен студент жастарының творчестволық талмас қайраты мен күнделікті еңбегінің арқасында қаланған. Олардың арасында Төле Ағабеков, Қалменов Тағай, Қонысбай Намазбай Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Алтын Жұлдыз» медалімен,  әрі Ленин орденімен марапатталған.

     Өзінің қызмет еткен уақытында колледж өзінің қалыптасу жолынан өтті, соның арқасында білім беру қызметі нарығында өзін көрсете білді және білім алушылардың сеніміне ие болды. Жарты ғасырдан астам тарихы бар, әр шәкірттерінің жүрегінде өшпестей із қалдырған оқу орнының қазіргі таңда мақтанарлықтай жетістіктері баршылық. Соңғы 3 жылдағы жетістіктеріне тоқталып өтсек:

  • 2019 жылы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткізілген «WorldSkills Turkistan-2019» облыстық чемпионатында «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша жоғары кәсіби шеберлігі мен біліктілігін іс жүзінде қолдана алғаны үшін Дүйсен Жасұлан Пердеханұлы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды;
  • 2019 жылдың 19-20 наурыз күні «Үздік автомеханик-2019» байқауында жүлделі ІІІ орынды Дүйсен Жасұлан иеленді, жетекшісі Бертай Сәбит дипломмен марапатталды;
  • 2020 жылы «WorldSkills Turkistan-2020» облыстық чемпионатында «Веб-дизайн және әзірлемесі» құзіреттілігі бойынша жоғары кәсіби шеберлігі мен біліктілігін іс жүзінде қолдана алғаны үшін Абдрахманова Анжела ІІІ дәрежелі дипломға ие болды;
  • 2021 жылы «AgroSkills» кәсіби шеберлік байқауына қатысқаны үшін Есалы Мейіржан Алғыс хатпен марапатталды.
  • №11 колледж ұжымы жаңа заман талабына сай,  ақыл –парасаты мол, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қажырлы  еңбек етуде. Көптеген үздік жетістіктер, колледждің мәдени және қоғамдық өміріндегі ең есте қаларлық жетістіктері Туртаев Байдалы Турдалыулымен байланысты. Оқу орнын ұйымдастырып, қалыптастыруда Туртаев Байдалы Турдалыулы көп қайрат пен күш-жігер жұмсап, колледждің дамуына өз үлесін қосуда.
  • Байдалы Турдалыулы қызмет жолын 1984 жылы №11 колледжде өндірістік оқыту шебері болып бастаған. 1993 жылы Қазығұрт ауданындағы  №11 колледжде арнайы пән оқытушысы болып қызмет етті. 1999  жылдың ақпан айынан бастап осы тарихы терең колледжде директорының өндірістік оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.
  •   Байдалы Турдалыулы өз кәсібінің білікті маманы, жоғары санатты педагог. Ұжым арасында құрметке ие, абыройлы, адал қызметкер. Көп ізденіспен педагогика саласындағы жаңалықтарды меңгеріп, терең зерттеу өзіндік басқару стилін қалыптастырып, ұжымды биік шыңдарға жетелеп, нағыз майталман мамандарды тәрбиелеп, биік белестерден көрінуіне септігін тигізіп жүрген орынбасар. Байдалы Турдалыулының техникалық және кәсіптік білім туралы мақалалары «Қазығұрт тынысы» газеттері мен «Мектеп» журналдарында жарияланған.Білім берген студенттері аудан, облыс көлемінде мамандықтары бойынша еңбек етіп, еліміздің көркеюіне үлестерін қосуда.
  •    Байдалы Турдалыулының өз саласында жеткен жетістіктері де аз емес. Техникалық және кәсіптік маман кадрлар даярлауда қол жеткізген табыстары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен», Республикалық «Нұр Отан» партиясының «Алғыс хатымен», Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Алғыс хатымен»,Қазығұрт ауданы әкімінің «Алғыс хатымен»,Қазығұрт ауданы маслихатының «Құрмет грамотасымен» мен «Алғыс хаты», Қазығұрт аудандық «НұрОтан» партиясының «Алғыс хатымен» марапатталған.     
  • Туртаев Байдалы Турдалыулы «№11 колледж» МКҚК–ның директорының өндірістік оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасары Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.