Түркістан облысы: Отырар ауданында еңбек күні аталып өтті

«Еңбек — ырыстың бұлағы, Еңбек — бақыттың шырағы», қамбасы астыққа толар берекелі күз айы қыркүйектің соңғы аптасы еңбек күні, барша еңбеккерлер мерекесі! Бүгін мәдениет және тілдерді дамыту, спорт және денешынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен еңбеккерлер мерекесіне орай салтанатты іс-шара өткізілді.

Бұл күнді мерекелеудің негізгі мақсаты өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау және Президенттің Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру жөніндегі идеясы шеңберінде жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады. Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы Құлмаханов және мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Сағынтай Тәтібайұлы Құттыбай еңбеккерлерді мерекелерімен құттықтап, алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпаттар жасады. Іс-шара соңы мәдениет сарайының өнерпаздары арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

Атап өтерлігі, Еңбек күнін тойлау дәстүрлері Кеңес заманынан бері жалғасып келеді (ол кезде ол Еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастығы күні деп аталған). Бұл мереке барлық басқа кеңестік республикалардағы сияқты Қазақстанда да 1 мамырда атап өтілген. КСРО-да бұл мереке ерекше құрметке ие болған. Бұл мерекеде еңбекшіл халықтың ынтымақтастығы мен сіңірген еңбектері марапатталған. Мереке Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін атап өтілмейтін болды. Бірақ жылдар өте келе Қазақстанда мұндай мерекенің қажеттілігі туралы түсінік қайта қалыптаса бастады. Қазақстан Республикасының Үкіметі еңбекке деген құрметті жандандыру, жас ұрпақты еңбекқорлыққа, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеу туралы шешім қабылдады. Қазақстан Президентінің 2013 жылғы 22 қазандағы №698 Жарлығымен қоғамдағы Адам еңбегінің беделін өсіруге, өндіруші еңбекті ынталандыруға, жұмыс мамандықтарын насихаттауға және өндіріс саласына жастарды тартуға, жұмыс әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту мақсатында Елбасының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясын нығайту шеңберінде қыркүйектің соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып белгіленді. Осылайша, 2013 жылы Еңбек күнін тойлау дәстүрі қайта жанданды. Содан бері бұл мереке күзде атап өтіледі.

Бұл күні өзінің табандылығы және қажырлы еңбегімен нәтижеге қол жеткізетін адамдарды мақтан тұтып, үлгі етіп, атап өтуге керемет мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, «Еңбек ардагері» медалі құрылды. Медаль — бұл экономиканың түрлі салаларындағы қызметкерлерге арналған бірыңғай ведомстволық марапат. Бұл марапат кез келген салада жұмыс істейтін еңбек сіңірген адамдарға беріледі.

«Еңбек ардагері» медалі:

өндіріс көшбасшылары;

өз жұмысында жоғары нәтижеге қол жеткізген әр түрлі салалар мен бағыттар қызметкерлері;

ұзақ жұмыс тәжірибесі үшін;

жалпы еңбек өтілі 40 жылдан асатын, оның ішінде сол салада кемінде 10 жыл жұмыс жасайтын зейнеткерлер жасына жеткен қызметкерлер.

Еңбек күні Қазақстанда көптеген ұйымдарда және еңбек ұжымдарында атап өтіледі. Сондай-ақ, бүкіл Қазақстан бойынша Еңбек күнін атап өтуге орай, жас мамандарға арналған байқаулар, әртістердің мерекелік қойылымдары, марапаттау, спорттық жарыстар және басқа да мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Кейбір еңбек ұжымдарында жылдың үздік қызметкері немесе ең үздік жас қызметкер атағына арнап конкурстар өткізіледі, содан кейін бастықтар немесе арнайы комиссия жеңімпаздарды медальдармен немесе бағалы сыйлықтармен марапаттайды.

Қазақстандағы мерекені қайта жандандыру және оны еңбек ұжымдарында оны атап өтудің басты мақсаты еңбек өнімділігін ынталандыру, қарапайым жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру және оған жастардың назарын аудару болды. Сонымен қатар, кәсіпорындарда Еңбек күнін атап өтуге еңбек ұжымдарының ұйымшылдығы ықпал етеді, өйткені еңбек өнімділігі ұжымдағы қарым-қатынасқа да байланысты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.