Осы жылдың қыркүйек айында басталған оқушы қыздар арасындағы «Мектеп. Қыздар Футбол Лигасының» ойындары өз мәресіне жетті.
Жарысқа Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 136 мектеп командаларынан 1400 оқушы қатысты.
Футбол лигасын ұйымдастырудағы басты мақсат, оқушылардың түрлі спорт ойындары арқылы олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру бос уақыттарын тиімді пайдалану. Сабақпен қатар спортқа да уақыт тауып, салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау.
Тартысты ойындар нәтижесінде №39 ЖОББМ оқушы қыздары бірінші орынға лайық деп танылды. Ал ІІ орынды №69 мектептің қыздары иеленсе, ІІІ орынды №47 мектеп жеңіп алды.
Жарыс жүлдегерлері мен жеңімпаздары кубок, медаль, грамоталармен марапатталды.
«ANYQ.KZ-ақпарат»
Now the positioning technology has been widely used. Many cars and mobile phones have positioning functions, and there are also many positioning apps. When your phone is lost, you can use such tools to quickly initiate location tracking requests. Understand how to locate the location of the phone, how to locate the phone after it is lost? https://www.xtmove.com/how-to-track-someones-phone-location-by-cell-phone-number-online-for-free/