Сауран ауданында спорт кешені ашылды

Сауран ауданы Қарашық ауылдық округінде бір мезгілде 250 баланы қабылдауға қауқарлы жаңа спорт кешені ашылды.


Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай ашылған жаңа кешеннің лентасын аудан әкімі Ғани Рысбеков қиып, құттықтау сөз сөйледі.
«Жаңа ауданда бой көтерген бұл спорт кешенінен болашақта ел намысын қорғайтын спортшылар шығатынына бек сенімдімін. Жастар арасында салауатты өмір насихаттап, олардың уақыттарын тиімді пайдалануына мүмкіндік жасау керекпіз. Сауран ауданында бұқаралық спортты дамыту қолға алынуда. Болашақта бірнеше спорт кешендерін салуды жоспарлаудамыз. Баршаңызды тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен және жаңа спорт кешенінің ашылуымен құттықтаймын!»,- деп тілек білдірді аудан әкімі.
1500 га. аумақты құрайтың жаңа спорт кешені 18 жасқа дейінгі 400 баланы ақысыз тәрбиелейді. Кешенде жастар еркін күрес, дзюдо, шағын футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, еркін күрес сияқты спорт түрлерінен тәлім ала алады. Жеке кәсіпкер Муютов Хуршид тұрғызған спорт кешенінің құны 230 млн . теңгені құрайды.

 Сондай-ақ, кешеннің ашылу салтанатында ауданның гүлденуіне үлес қосып жүрген жеке кәсіпкер Муютов Хуршидке және жастар арасында салауатты өмір насихаттап жүрген Уринбасаров Абсаламға аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. Жаңадан бой көтерген спорт кешенінің лентасы қиылған соң, Сауран ауданының жастары арасында валейболдан жарыс өтті.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Lorsque vous avez des doutes sur les activités de vos enfants ou sur la sécurité de leurs parents, vous pouvez pirater leurs téléphones Android à partir de votre ordinateur ou appareil mobile pour assurer leur sécurité. Personne ne peut surveiller 24 heures sur 24, mais il existe un logiciel d’espionnage professionnel qui peut secrètement surveiller les activités des téléphones Android sans les en informer. https://www.xtmove.com/fr/how-to-hack-someones-android-phone-without-touching-it/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.