ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ: ВОЛЕЙБОЛДАН МЫҚТЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі М. Әйтеновтың бастамасымен «Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында волейболдан финалдық ойын өтті. Спорттың волейбол түрінен 129 команда, 1458 оқушы қатысып финалдық кезеңге
Абай ауданынан:
1. Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы;
2. №118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі;
3. З.Космедемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі;
4. №54 жалпы орта білім беретін мектебі;
Әл-Фараби ауданынан
1. №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп — гимназиясы;
2. К.Сыпатаев атындағы №7 мектеп-лицейі;
3. №129 жалпы орта білім беретін мектебі;
4. Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясы;
Еңбекші ауданынан
1. №134 жалпы орта білім беретін мектебі;
2. Е.Юсупов атындағы №104 жалпы орта білім беретін мектебі;
3. Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы;
4. Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы;
Қаратау ауданынан
1. №131 жалпы орта білім беретін мектебі;
2. Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебі;
3. №103 жалпы орта білім беретін мектебі;
4. З.Хусанов атындағы №110 жалпы орта білім беретін мектебінен құралған командалар өтті.

Тартысқа толы ойынның нəтижесінде:

ІІІ-орын — Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясына бұйырды.
ІІ-орынға — Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы лайыұ деп танылды.
І-орыннан — Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебі көрінді.

Жеңімпаз командалар 1 маусым күні Қажымұқан орталық стадионында марапатталатын болады.

Айта кетейік, Шымкент жастар лигасына» спорттың футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен 151 жалпы орта білім беру мектептерінен 514 команда құрамында 5926 оқушы қатысуда. Атап айтқанда, Абай ауданында — 37, Әл-Фараби ауданында -25, Еңбекші ауданында — 40, Қаратау ауданында – 38. Сонымен қатар, командаларға қолдау көрсетуге 151 мектептен Фан – клуб командалары жасақталып 2265 оқушы қамтылды.
Осы спорттық жарыстарға төрешілік жасауға және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге 400 ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының мамандары жұмылдырылған.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Certains logiciels détectent les informations d’enregistrement d’écran et ne peuvent pas prendre de capture d’écran du téléphone mobile. Dans ce cas, vous pouvez utiliser la surveillance à distance pour afficher le contenu de l’écran d’un autre téléphone mobile.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.