Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы робототехникаға әуес оқушылардың басын қосты

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің және Қазақстандық білім беру және спорттық роботтатехника «КазРоботикс» федерациясы, Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен «КазРобоСпорт-2022» чемпионаты облыстық кезеңі балалар жылы аясында, Төлеби ауданы «Таусамалы -Балдаурен» сауықтыру орталығының базасында 2022 жылдың 13 маусым күні өтілді. Байқаудың іріктеу кезеңіне Түркістан облысынан 10 — 17 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Байқау ережеге сәйкес » Мини сумо», «Биатлон «Кегельринг» категориялар бойынша өтті. Аудан, қалалардан келген команда жетекшілеріне семинар- тренингтер өткізілді. Жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен марапатталды. Жүлделі 1-орын иегерлері Республикалық кезеңге жолдама алды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.