
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының бұйрығына сәйкес Балалар жылы аясында Түркістан облысында
2022 жылғы 23-27 мамыр күндері аралығында Төлеби ауданы Біркөлік шатқалында орналасқан “Робинзон” лагерінде өткізілген облыстық
“Жас құтқарушылар” жарысында Төлеби ауданының “Жас туристер станциясы“ КММ-ң “Туризм” бөлімінің Төлеби-1 тобының үйірмешілері І-орын иеленіп, 27 маусымда Көкшетау қаласында өткізілетін Республикалық жарысқа жолдама алған болатын. Үйірмешілер Республикалық жарысқа Облыстық төтенше жағдайлар Департаментімен бірлесіп дайындық жұмыстарын жүргізуде.
