Ең үздік оқырман анықталды

Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сіздерге білім көзі, рухани қазына.Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі — өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған – тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Батыр –бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек «Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққан соң, онан да көп оқу керек!» — дейді белгілі ғалым, сыншы Д. М. Писарьев.
Кітап не іздесең, бәрін табасың. Кітаптың білмейтіні бар ма!
Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап – жан айнасы, оған қарап ойыңды да, бойыңды да түзетуге болады, оған қарап оғаш мінезіңді, ерсі қылығыңды мінейсің, тұрпайы пейілді көріп жиренесің, түзейсің. Айналадағы адамға мейіріммен қарауға үйренесің. Кейде жаңсақ, жаңылыс басқан қадамдарың болса, оны оп- оңай аңғарасың.
Кітап – тар үйіңнен кең дүниеге алып баратын ұлы арна. Ол тар пейіліңді кеңейтеді, әуел бастағы тар жолдан кең адамдық жолыңа түсіреді.
Кітап арқылы үйіңде отырып, бүкіл дүниені болжап көресің, бүкіл дүниемен сөйлесесің. Кітап сені кең әлеммен, кең дүниемен жалғастырады.
Қазақ: «Ырыс ауысады, білім жұғысады», — дейді. Расында да білім біреуден-біреуге жұғысады. Осыны білетін халық: «Білмегенді білгеннен сұрағанның айыбы жоқ, сұрамасаң, білмейсің», — дейді. Сенің білмегеніңді алғаш сұрап білетін ғалым досың да – кітап.
Қазығұрт ауданындағы Ж. Қаппаров атындағы физика математика мектебінде кітапхана меңгерушісі Абдуллаева Айжамал Абдыхалыққызының ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Ең үздік оқырман» тақырыбында сайыс өткізілді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Jeśli masz wątpliwości co do działań swoich dzieci lub bezpieczeństwa ich rodziców, możesz włamać się do ich telefonów z Androidem z komputera lub urządzenia mobilnego, aby zapewnić im bezpieczeństwo. Nikt nie może monitorować przez całą dobę, ale istnieje profesjonalne oprogramowanie szpiegowskie, które może potajemnie monitorować działania telefonów z Androidem, nie informując ich o tym. https://www.xtmove.com/pl/how-to-hack-someones-android-phone-without-touching-it/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.