Облыста 1363 балабақша бар

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Сол қазынаның жақсы азамат болып өсуіне отбасымен қатар, балабақшада алған тәлім-тәрбиесі де зор рөль ойнайды.

Барлық білім­нің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі ме­ке­­ме­лер­де тәрбие мен білім са­­ласында заманауи­ педа­го­гикалық  технология­лар қан­шалықты маңызды болса, мек­теп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық техноло­гиялар ұғымы кеңінен қол­данылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының бас­ты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдіс­терін енгізу. Мектепке дейінгі меке­ме балаларына  үздіксіз тәр­бие мен білім беру келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін балабақша мен тәрбиешілері. Облыстық білім басқармасының берген мәліметіне сүйенсек,  Түркістан облысында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымының саны 1363-ке жетіп  отыр. Оның: 267-і мемлекеттік. Мемлекеттік  балабақшаларда 35663 бала тәрбиеленуде.
Облыста 1007 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Онда 115201 бала баруда.
Сондай-ақ, 89 мектеп жанынан ашылған шағын орталық бар. Онда 3653 бала тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды ке­зең болып келеді. Өйт­кені осы кезде баланың бойын­дағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды.­  Сондықтан осы шақта бала­лар­мен анағұрлым жан-­жақ­ты дамытушылық әре­кеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс сон­­ша­лық­ты нәтижелі болады.  Тәрбиелі, білімді ұр­­пақ балабақшадан мектепке да­йын шәкірт болып шы­­ғатыны айтпаса да белгілі. Ендеше, облысымыздағы балабақшалардың саны артып, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер балабақша тапшылығын сезінбейді деген ойдамыз.

Ad Widget

Recommended For You