ШАРДАРА: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облыстының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлерімен Шардара ауданы білім бөліміне қарасты барлық мемлекеттік білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылының басталуына орай дайындықтарына 25 шілде күні мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Шардара қаласындағы “Шардара” мектеп-лицейінде күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Осы жылы мектептің келбеті жаңаша түрленбек. Бұл күні білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Яғни, ғимараттың сырт келбеті, еден, терезелері, жылу жүйесі толықтай жаңартылады.

Күрделі жөндеуден кейін мектеп іші жаңа жиһаздармен толықтырылып, компьютерлермен де жабдықталмақ.

Жұмыстар осы жылдың шілде айында басталған болса, қазір 25-30% пайызы орындалған.

Жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.