Қ.Р. Білім және Ғылым министрлігі 14 ақпан 2016 жылғы №26 бұйрығы негізінде «Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» ММ-не қарасты «№ 8 В.Комаров атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі міндетті мектеп формасына қойылатын бірыңғай талаптар бекітілді
Мектеп формасына қойылатын талаптар:
— киім стилі – іскерлік, классикалық.
Мектеп формасының түсі қою қара, көк.
Ұл балаларға мектеп формасына енгізіледі:
А) пиджак
Ә) желетке
Б) шалбар
В) ақ жейде
Қыз балаларға мектеп формасына енгізіледі:
А)пиджак
Ә) желетке
Б) белдемше
В) ақ классикалық жейде
Бірыңғай мектеп формасын кию кезінде рұқсат етілмейді:
Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды, соның ішінде бас киімге қатысты діни атрибуттарды (крест, хиджаб, никаб, паранжа, чадра, ермолка, орамал, тюрбан, иудей-кипа бас киімдері, бурка және т.б.) киюге болмайды.
Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге қатаң тыйым салынады.