Кентау: Оқушыларға қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің!

2022 жылдың 11 тамызы күні Кентау қаласының әкімі Аюпов Рашид Абатұлы және Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөлім басшысы Жұмабаев Баянғали Абдрахманұлының қатысуымен әкімшіліктің мәжіліс залында Республикалық «Мектепке жол» акциясы барысында іс-шара өтті. Аталған іс-шарада ТОО «КазОйлЭнерджи» компаниясының өкілі Қалабаев Ақәділ Мұратұлы жалпы құны 3 миллион 250 мың құрайтын 10 (он) компьютерді №1, 3,10,12,16,17,19, 24 мектеп басшыларына табыстады. Қайырымдылық пен демеушіліктің үлгісін көрсетіп алдағы уақытта соңғы үлгідегі құны 65 млн теңге құрайтын, 200 компьютерді бөлімге қарасты мекемелерге сыйға тарту ететінін айтты. Мұндай іс-шаралар үздіксіз өз жалғасын табады. Бүгінгі күннің «Атымтай-Жомарты» КазОйлЭнержи компаниясына және компанияның заңды өкілі Қалабаев Ақәділ Мұратұлына демеушілік үшін үлкен алғыс білдіреміз!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.