ОБЛЫСТЫҢ БАС ҰСТАЗЫ ЖЕТІСАЙДА!

Адамзат атаулының тамырына нәр берген құнар – қайырымдылық. Әр адамның бойында ізгілік қасиеті болып, таза пейілмен шуағын төгіп тұрса, тіршілікке нұр берері сөзсіз. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без» деп білетін қазақ халқы үшін қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту ету, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямау, қолдан келген көмегін ұсынып, достық пейілдерін таныту – үлкен сауапты іс.
Осындай биік ұстанымды ту еткен Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Жетісай ауданына жасаған іс-сапары барысында өзі білім алған №1 М.Горький атындағы мектеп-гимназиясында болып, көпбалалы отбасылардың балаларына мектеп формаларын тарту етті. Оқушылармен тілдесіп, армандарын тыңдады. Ағалық ақылын айтты.
«Сіздер қазір тамаша қоғамда, бейбіт елде өмір сүріп жатырсыздар. Өйткені, мемлекет білім аламын, ғылыммен айналысамын деген азаматтардың бәріне кеңінен мүмкіндік жасап қойған. Оқулықтар да жеткілікті. Сіздерге қойылатын жалғыз ғана талап – ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңыздың үмітін ақтап, сапалы білім алу. Саналы ұрпақ болып жетілу. Алған білімдеріңізді жеке бастың емес, елдің мүддесіне пайдалану.
Білімді азамат – қай қоғамда болмасын үлкен сұранысқа ие болады» деді облыстың бас ұстазы.
Оқушыларға жасалған тартудан соң Дінислам Болатханұлы өзі оқыған сыныбы мен ойнаған спорт залын, ертегілер оқыған кітапханасы мен кезекте тұрып бәліш жеген асханасын, сахнаға алғаш шыққан мектеп акт залын аралап көрді. Сыныптастарымен жүздесіп, балалық шақтарын еске алды.
«Әлемге күн жылуы қандай қажет болса, адамға да жүрек жылуы сондай қажет. Адам баласы өмірге келген соң өзінің адами қасиеттерін жоғалтпай айналасындағыларға мейірім шуағын шашуы тиіс. Әсіресе, материалдық, моральдық тұрғыда қолдауды қажет ететін көпбалалы отбасындағылар өздерін өзгелерден кем, қоғамға керексіз сезінбеулері керек.
Дінислам Болатханұлының өзі оқыған мектебін ұмытпай, осындағы бүлдіршіндерге сый-сияпат жасауы – ұстаздар мен ата-аналарға үлкен қуаныш сыйлады» дейді №1 М.Горький атындағы мектеп-гимназиясының директоры Толқын Айгенжиева.
Айта кетейік, іс-сапары барысында облыстың бас ұстазы Мақтаарал ауданында да болып, ондағы көпбалалы отбасылардың балаларына да дәл осылай мектеп формаларын сыйға тартқан болатын.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.