ОБЛЫСТА БОЛАШАҚ СТЕПЕНДИЯСЫ ҮМІТКЕРЛЕРІН ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ!

11-12-тамыз күндері «БОЛАШАҚ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына түсініктемелер беру мақсатында ақпараттық брифинг өтті.

Брифингте «Болашақ» үміткерлерді іріктеу қағидаларына енгізілген өзгерістер, конкурсқа қатысу талаптары, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелдік білім алудың қолжетімді мүмкіндіктері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, 1993 жылы 5 қараша күні Елбасы Н.А.Назарбаевтің қаулысымен «Болашақ» Халықаралық стипендиясы бекітілген болатын.

Бағдарлама мақсаты — елдің экономикасының басым секторлары үшін кадрларды және мамандарды даярлау.  Бағдарлама жоғары оқу орындарының ғылыми дәрежесін алуды, сонымен қатар әлемнің жетекші компанияларында және университеттерінде ғылыми және туынды тағылымдамалардан өтуді қосады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің таңында одан арғы реформаларды іске асыру және халықаралық сахнада елді лайықты таныстыру үшін жоғары білікті кадрлар қажет болды.

Алғашқы рет бұрыңғы Кеңес одағының мемлекеттер тарихында дарынды жастарға шетелде білім алуға мүмкіндік ұсынылды. 

«Болашақ» стипендиясы сәтті мансап дамуының және оның түлектері кәсіби өзін-өзі танытудың ерекше кепілгері болып табылады. 

2008 жылдан бастап ғылыми және педагогикалық қызметкерлерге ғылыми тағылымдамалардан өту, сонымен қатар ауылдық жастар, мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми және педагогикалық қызметкерлер үшін үлестемені енгізу мүмкіндігі ұсынылды.

2010 жылы Майамиде Going Global VIII халықаралық конференцияда ұқсас 11 стипендиялық бағдарламалар арасында «Болашақ» стипендиясы ең үздік деп танылуы іске асыру механизмнің жетілдіруі мақсатты саясаттың нәтижесі болып табылады.

2012 жылдан бастап осы жылға дейін «Болашақ» халықаралық білім беру стипендиясы әлемнің 13 елінің 25 үздік ЖОО-да оқу үшін С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 39 оқытушысы мен 8 магистрантына тағайындалды.

Осылайша, ҚазАТУ профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттары «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбритания, Түркия, Швейцария, РФ, Малайзия, Жапония, ҚХР, Оңтүстік Корея, Италия, АҚШ, Нидерланды, Германия және Франция ЖОО-да білім алды.

«Болашақ» халықаралық стипендия бойынша толық ақпаратты және халықаралық стипендия бойынша конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімін сайтан алуға болады: www.bolashak.gov.kz.

 

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.