АРЫС: МЕКТЕП АЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Арыс қаласы адам әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты Б.Онтаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 2022-2023 жаңа оқу жылы қарсаңында тамыз айының 08-19 аралығында мектеп алды даярлық тобының тәрбиеленушілері және бірінші сыныпқа қабылданатын мектептеп алды даярлық тобын оқымаған білім алушылар үшін «Балақайлар» мектебі ұйымдастырылып оқытылып жатқанын хабарлаймыз. Мектепалды  даярлық  білім  беру  жүйесінің  алғашқы  сатысы  ретінде мектепке  дейінгі  және  бастауыш  білім  берудің  сабақтастығы  мен  үздіксіздігін 
қамтамасыз  етеді,  6-7  жастағы  балалардың  зияткерлік  және  денесінің  дамуы үшін жағдайлар жасайды. Қазіргі  таңда  мектепалды  даярлық  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  және жалпы    білім  беретін  мектептердің  мектепалды  сыныптарында  жүзеге асырылады.  Мектепалды  даярлықтың  негізгі  міндеті  –  балалардың  мектепте  оқуға 
уәжін жәнеоған эмоциялы дайындығын қалыптастыру.  Мектепалды  даярлықтың  негізгі  мақсаты  мектеп  жасына  дейінгі 
балалардың  жалпы,  зияткерлік,  дене  дамуы,  олардың  білімді  игеруге 
дайындығын  қамтамасыз  ету,  оқу  әрекетін  меңгеру  үшін  балада  тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.  Міндеттері: 
— балаларды мектепте оқуға мақсатты бағытпен және жүйелі дайындау; 
— жеке қабілеттері мен дарындылығын дамыту; 
—  ұлттық,  жалпы  адами  этикалық  және  мәдени  құндылықтарға  балаларды 
баулу, баланың зияткерлік дамуы; 
—  рухани-адамгершілік  құндылықтарды,  отан  сүйгіштік,  төзімділікті 
қалыптастыру; 
—  балалардың  коммуникативтік  және  әлеуметтік  құзыреттіліктерін 
қалыптастыру; 
—  білуге  құмарлықты,  шығармашылық  белсенділік  пен  бастамашылықты 
дамыту; 
— балалардың денесі мен психикалық саулығын нығайту
— білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.   
Мектепалды  топтары  мен  сыныптары  5  жастан  6  (7)  жасқа  дейінгі балаларды қамтиды.   Мектепалды  сыныптары  мен  топтарында  ұйымдастырылған  оқу  іс-
әрекетін  (бұдан  әрі  –  ҰОӘ)  ұйымдастыру  мен  өткізу  Қазақстан  Республикасы мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  жалпы  білім  беретін  типтік 
бағдарламасы,  Мектепалды  даярлықтың  білім  беру  бағдарламасы,  Мектепке дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  жоспары  негізінде  жүзеге 
асырылады.  Оқуға  сапалы  дайындықтың  мазмұны  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен оқытудың  жалпыға  міндетті  мемлекеттік  стандартына  (бұдан  әрі  –  МЖМС) 
сәйкес  және  үлгілік  бағдарлама  негізінде  әзірленген  мектепалды  даярлықтың білім беру бағдарламасымен (бұдан әрі  Бағдарлама) анықталады.   Бағдарлама  бұдан  әрі  қарай  мектепте  оқытуға  балалардың  тұлғалық қасиеттерін, денсаулығын сақтау мен нығайтуға, шығармашылық белсенділігін, коммуникативтік  дағдыларды  қалыптастыруға,  рухани-адамгершілік  және эмоциялық-еріктік қасиеттерін дамытуға бағытталған. 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.