АРЫС: ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІ НАСИХАТТАЛДЫ

Түркістан облысы, «Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» ММ-не қарасты

С. Адамбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі КММ-сі

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің ұйымдастыруларымен Ұлы даланың дара ұлы, Абай Құнанбайұлының 10 тамыз туған күніне орай оқушылардың жазғы демалыстарын тиімді өткізу мақсатында челлендж ұйымдастырды. Онда оқушылар Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқыды.

Абай шығармалары — тұнып тұрған тәрбие, жас буынды адами ізгі қасиеттерге, ұлттық құндылықтарға тәрбиелейді.

Осы тұста айта кетейік, «Оқуға құштар мектеп» жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында жүзеге асыруды қолға алды.

«Оқуға құштар мектеп» жобасын еліміздегі мектеп қасындағы кітапханалардың жұмысын дамыту арқылы жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінде республика бойынша мектеп жанындағы кітапханаларда 200 млн данадан астам кітап қоры сақтаулы. Олардың 38 млн көркем әдебиеттер құрайды. Осы көркем әдебиеттердің 20-30 пайызын 80-90 жылдары шыққан, ескі көркем әдебиеттер мен мерзімді басылымдар құрайды.

Олар оқушылардың қызығушылығын оятпайтыны анық. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласын Жол картасын дамыту бағдарламасында мектеп кітапханаларын қажетті көркем әдебиеттермен қамтамасыз ету мәселесін тапсырған болатын. 

Жалпы, «Оқуға құштар мектеп» жобасы сәтті іске асатын болса, еліміздегі ақын-жазушылардың кітаптары көптеп басылып шығып, ел арасына кең тарайтыны анық. Бұдан кейін ел арасындағы «жастар кітап оқымайды» деген әңгімеге нүкте қойылатыны анық. «Оқуға құштар мектеп» жобасы алдағы уақытта кітап оқуға құмар ұлт деген мәртебелі атымызды қайтаруға септігін тигізетін маңызды бастама болып тұр.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.