Оңтүстік Қазақстан «Арыстанбаб»колледжі ел игілігі үшін сапалы маман дайындауды мақсат тұтқан оқу орындарының бірі. Алайда, біздің оқу орнының өзгелерден ерекшелігі оқу -тәрбие процесінің басында мейірімді де, қайырымды болу принципі тұрады. Осы өмірлік екі ұстаным негізінде жұмыс жасап келе жатқан оқу орны талай белестерден өтті, сыналды, шыңдалды, бүгінде екі аяғына нық тұрды. Бір қанаты гуманитарлық сала, бір қанаты медициналық сала, қос қанатын тең қалықтатқан қыран құстай тәуелсіз елдің аспанын бағындыруда. Колледж студенттері өнер-білім саласынан түрлі марапаттарды қанжығалады. Ал колледждің атына келген марапаттар ерекше. Сондай ерекше күн марапаттың бірі — «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ, ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Білім беру саласының 100 үздігі» атты ұлттық премиясының иегері атанды. Колледжіміздің ұстаздары Гүлжанар Ештаева және Алима Байқұтова «Үздік педагогикалық коллектив -2017» атағына ие болған. Осы биіктікке жетуге жол салған колледж директоры Асанов Арслан Арынұлы «Ыбырай Алтынсарин атындағы Республикалық білім қызметкерлерінің Ассоциациясының» алғыс хатымен сондай-ақ, Д.А.Қонаев атындағы орденімен марапатталды. Колледждің Республика көлеміне танылуына еңбек еткен, талай студентті ел алдына шығарған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманова Жұмакуль Нұржігітқызы педагог «Ян Амос Коменский» медалімен марапатталды. Республикалық деңгейдегі бұл марапаттар бізді қуанта отырып үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқу орнымызда жұмыс жасайтын әрбір ұстазды, өзге де қызметкерлерді, ең бастысы студенттерді осы бір ерекше мәртебеміз құтты болсын деп құттықтағымыз келеді.Осы орайда мектеп түлектерін біздің колледжді таңдауға шақырамыз.
Айта кетейік, «Арыстанбаб» колледжінің негізі 2003 жылы ҚР Үкіметінің 2000 жылдың 18 сәуірінде №596 қаулысына сәйкес құрылған. Алғашында білім ұясында тек гуманитарлық сала мамандарын әзірленген, кейін 2006 жылдан бастап халықтың сұранысына байланысты, Сарыағаш өңіріне білікті медицина мамандарының қажеттігін ескеріп медициналық мамандықтар даярлауды қолға алған. Колледждің негізін қалаған — Асанов Арслан Арынұлы.
Қазақстан Республикасының заңнамалары мен арнайы құжаттарында білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік саясат белгіленіп, қазіргі білім беру мақсаты мен міндеттері көрсетіліп, оны шешу бағыттары нақты айқындалған. Қоғамның білім деңгейі мен интеллектуалдық әлеуеті ұлттық байлықтың маңызды құрамы ретіндегі сипатқа ие болуда, ал адамның білімділігі, кәсіби икемділігі, шығармашылыққа талпынысы және қалыптан тыс жағдайларда әрекет ете білуі Қазақстан Республикасының өрлеуіне негіз және тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шарт бола алады. Жаңа білім беру жүйесі әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы талаптарға сәйкес келетіндей білім алушыларды өздігінше дамуға, алған білімдерін шығармашылықпен жүзеге асыра білуге икемдейтін, күтілетін нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыдағы білім жүйесі болуы қажет.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілген міндеттердің ең маңыздысының бірі ретінде ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау болса, оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технология¬ларды енгізу және тиімді пайдаланудың да маңызына ерекше тоқталған. «Арыстанбаб» колледжі осы және бұдан да басқа міндеттерінің орындалуын өзіне мақсат етіп қойып, облыс деңгейінде сапалы білім беріп отырған колледждердің қатарында.
Great weblog right here! Also your website quite a bit up very fast!
What web host are you the usage of? Can I am getting your affiliate link on your host?
I wish my site loaded up as quickly as yours lol
https://www.outlookindia.com/plugin-play/ED8590ED8590EBB2B3-EB8F99EC9DBC-EC8694EBA3A8EC8598-EBA994EC9DB4ECA080EC82ACEC9DB4ED8AB8-EBAAA8EC9584EBB3B4EAB8B0
Mantle 3D’s approach to optimizing the tooling lifecycle could result in more eco-friendly manufacturing practices by lowering waste and improving efficiency.
I’m curious in how Mantle 3D manages to achieve such high precision while also offering cost savings.
The accuracy that Mantle 3D offers in rapid tooling is groundbreaking.
http://www.hdfeed.co.kr/bbs/board.php?bo_table=04_02&wr_id=219513
http://125.141.133.9:7001/bbs/board.php?bo_table=free&wr_id=2196157
https://focusrentcar.net/board/bbs/board.php?bo_table=free&wr_id=49861
http://service.megaworks.ai/board/bbs/board.php?bo_table=hwang_form&wr_id=792625
https://sportsaipick.com/bbs/board.php?bo_table=free&wr_id=135712