«ТАМЫЗ КЕҢЕСІ — 2022» өтті

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен бүгін Түркістан қаласы «Ақжайық» музыка мектебінде білім беру саласы қызметкерлерінің қатысуымен «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбында секциялық жұмысы өтті.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Биболова Алия Таңатқызы, Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының директорыр Ешенқұлов Бақытжан Қабайұлы, Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының бөлім басшысы Нығметова Клара Канбетқызы аталған іс-шараның модераторлары болды.

Секциялық жұмыс барысында Қазығұрт аудандық Оқушылар үйінің директоры Қалдыкөз Нұрлан Нұрбайұлы «Қосымша білім беруді ұйымдастыру заман талабы», Бәйдібек ауданы, О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебінің педагогы А.Абуталипова «Қосымша білім беру — балалардың ұлттық кәсібилігі мен тұлғаны қалыптастырудағы ажырамас бөлігі», Мақтаарал ауданы, Қ. Әбдалиев атындағы N54 жалпы орта мектебінің педагогы Ж.Қалдыбаева, Мақтаарал ауданы, С.Рахымов атындағы жалпы орта мектептің қосымша білім беру педагогы Қази Ықылас «Пікірсайыс — тұлға болып қалыптасудағы алғашқы қадам» және Түркістан қаласы, Оқушылар сарайының директоры Икапова Индира Сарқытқызы «Қосымша білім берудің сапалы қоғам құрудағы маңызы» атты баяндамалар оқыды.

Жиын соңы өнерпаз оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.