ҚР Оқу-ағарту министрлігінің білім мекемелеріне қабылдау жөніндегі бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілді. Биылғы жылдан бастап дарынды балаларға мамандандырылған мектептерге үлгерімі төмен әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардан шыққан балаларды қабылдау бойынша квота қарастырылды. Бұл шара кей оқушылардың оқуға ынтасын арттырса, кей оқушылардың өз білімімен бөлісуіне, оқушылардың бірін бірі өзара қолдауына бастайды, әрі білімнің инклюзивтігін қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді.