
Бүгін Кентау қаласы, «Ынтымақ» алаңы Ш.Қалдаяқов атындағы Мәдениет сарайында
«Педагогикалық менеджментті жетілдіру арқылы білім беру сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында білім беру ұйымдары басшыларының
панельдік секциясы өтті.
Секцияға Түркістан облысы, аудандық/қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдарының директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Секцияда талқыланған мәселелер:
— 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы
Педагогикалық менеджмент негізінде білім беру ұйымдарын басқаруұ;
— Қала мектептері мен ауыл мектептері арасында білім сапасындағы алшақтықты басқару;
— Білім беру ұйымдарын дамытуда басшының жобалық құзыреттілігін дамыту;
— Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, білім сапасын арттыру жолдары.
