Түркістан: Көкпар ойынын мектеп бағдарламасына қосу мәселесі талқыланды

Ауылдық жерлердегі ұлттық спорт пен қосымша білім беруді неге бірге үйлестірмеске?!

Осы мақсатта 15 тамыз күні Білім беруді дамыту орталығында Түркістан облысы көкпар ойыны бойынша бас бапкер, атақты шабандоз Манкеев Ақылбай Өткелбайұлы мен айтыскер ақын, мәслихат депутаты, Түркістан қаласы “Балалар мен жасөспірімдер” орталығы директоры Шойбеков Бекарыс Ақсақалұлы және білім беру ұйымдарының денешынықтыру пәні мұғалімдерінің қатысуымен арнайы дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында “Атқа міну, көкпар өнерін” мектеп бағдарламасына ендіру мәселесі талқыланды. Ең алдымен арнайы үйірме ретінде ашылып, одан кейін бірте-бірте денешынықтыру пәніне кіріктіру керектігі жөнінде қонақтар тарапынан ұсынылды. Қорытындылай келе, биылғы жаңа оқу жылынан бастап бірқатар мектептерде пилоттық жоба ретінде жүргізу қарастырылып отыр.

Ауылдық жерлерде гимнастика, бассейн, тағы басқа қалада бар спорт түрлері кездесе бермейтіні белгілі. Алайда әр ауылда табылатын ат спортын білім жүйесіне әдістемелік ендіру арқылы оқушының ұлттық коды мен рухын жаңғыртуға әбден болады.

Бұл бір. Екіншіден, қосымша білім беру бойынша (НОБД) баланы қамту көрсеткіші де жақсаратын болады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.