СОЗАҚ: МЕКТЕПТЕ ОҚУЛЫҚТАР ЖЕТКІЛІКТІ

Білім беру ұйымдарында биылғы 2022-2023 оқу жылында оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді қайта басып шығару кестесіне сәйкес, 2-сынып оқулықтары 100% таратылды. Сонымен қатар, «Абайтану» вариативті курсы бойынша жаңа оқулықтар мектептерге жіберілді.

5-11 сыныптар үшін оқу әдебиеттері, үш тілде білім беретін мектептерге арналған қос тілді оқулықтар, 7-сыныпқа арналған оқу әдебиеттері таратылып, жетіспейтін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер тасымалданып, қамтамасыз етілді.

Оқулықтарды тарату бойынша белсенді жұмыс жасаған мектеп кітапханашыларына үлкен алғыс айтамыз. Жаңа оқу жылында шығармашылық табыстар, еңбектеріңізге шабыт және отбасыларыңызға амандық тілейміз.

Оқуға құштар білімді ұрпағымыз мәңгілік болсын!

 

Ad Widget

Recommended For You