«Тамыз кеңесінің педагогикалық оқуындағы тәрбие саласының секциялық отырысы»
Қазығұрт ауданы аудан орталығында тамыз кеңесінің педагогикалық оқуындағы аудан көлеміндегі мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп тәлімгерлері, сынып жетекшілері, интернат тәрбиешілері арасында секция отырыстары өткізілді.
Аталған төрт секцияның отырысында күн тәртібінде «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында тәжірибе алмасу секция жиыны өткізіліп, әдістемелік көмектер көрсетілді. Әсіресе оқушының тәрбие бағытында, атап айтқанда «Оқушылар арасында буллингтің алдын алу», «Қыз тәрбиесіндегі ұлт абыройы», «Оқушылардың жеке білімділік нәтижесін көтерудегі сынып жетекшінің рөлі», «Тәрбие мен құндылықтарға бағытталған білім беру», «Тәрбие ісінде қиындық тудыратын оқушыларды түзетудің әдіс тәсілдері», «Тәрбие саласындағы бақылауды цифрландыру» бағытындағы көкейкесті мәселелері талқыланды.
Секция отырысы барысында 2022-2023 оқу жылында білім беру процесін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету 2022-2023 оқу жылында тәрбие беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, «Түркістан облысында 2020-2023 жылдарға арналған балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын» білім беру мекемелерінде орындау жайлы іс-шаралар жоспарын орындалуы сияқты өзекті мәселелері жан-жақты талқыланып, ұсыныстар берілді.
Жоғарыда аталған контингенттерден құрылған педагогтар өз ойларын ортаға салып, аудан әдіскері Б.Орынбаев пен секция жетекшілеріне тақырыптық баяндамаларын қорғап, олардың ішінде құнды баяндамалар аудан марапатына лайқтылары ұсынылды.
Replica Sneakers Dirty White dv763
Replica Sneakers for Men,Reps Shoes pg940
replica shoes bs719
Fake Shoes,Reps Shoes wt746