Бүгін Түркістан облысының білім беру саласы қызметкерлерінің «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында облыстық тамыз педагогикалық конференциясында 2021-2022 оқу жылдарында жетістікке қол жеткізген педагогтар марапатталды.
Халықаралық деңгейде жеңімпаз оқушылар дайындаған үздік мұғалімдерге 500 мың көлемінде ақшалай сертификат табысталды. Білім беру саласында ерекше көзге түскен мұғалімдерге
ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың арнайы мадақтамасы берілді. Ұлағатты ұстаздар Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтың арнайы алғыс хатын алды. Сондай-ақ, зейнеткер ұстаздарға «Еңбек ардагері» төсбелгісі тағылды.
Осылайша, балалардың білім алуында аянбай еңбек еткен ұстаздардың еңбегі еш кетпеді. Бұл педагогтар үшін жаңа оқу жылындағы бұдан да биік нәтижеге қол жеткізуге ынталандыру.