Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде 23 тамызы күні «Білім беруді дамытудағы ұлттық сананы қалыптастырудың басымдықтары» тақырыбында шет тілдері пәні бойынша панельдік секциясы өтті.
— Секцияға Түлкібас аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәні педагогтері қатысты.
— Секцияда талқыланған мәселелер:
— 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымында оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері.
— «Ағылшын тілі сабағында дағдыларды қолдану және әдістемесін дамытудың ерекшеліктері»
— «Цифрлық ресурстардың білім сапасын жақсартудағы маңыздылығы»
— «Бейнероликтің білім көкжиегіндегі рөлі»
— «Театрланған әдіс тәсілдерді пайдалану арқылы білім алушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру»
— «Көркем әдебиет арқылы балалардың тілін дамыту»
— «Сөздік қорды ұлғайтудың тиімді тәсілдері» тақырыптары аясында ағылшын тілі пәні педагогтерімен Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің шетел тілдері пәні әдіскері Н.Шолтаева, «Oxford University press» баспасының өкілі Н.Серимбетов, «Абыройлы» журналының редакторы Қ. Тұрғынбай, журналист А.Сәдібекұлы және ауданымыздың шығармашыл ұстаздары өзара диалогтік пікірталас, шебер-сынып, тренинг және практикалық жұмыстарын ұсынып, мол тәжірибесімен бөлісті.