18 МЫҢНАН АСТАМ МҰҒАЛІМ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ БОЙЫНША ТЕГІН КУРСТАРДАН ӨТТІ

Құрметті педагогтер, өздеріңіз білетіндей, біз пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға арналған тегін курстарды өткізуді жалғастырып жатырмыз. Бүгінгі таңда еліміз бойынша 18 мыңнан астам мұғалім оқудан өтті.

Жалпы «Өрлеу» орталығы арнайы әзірленген курстар бойынша 40 мыңнан астам пән мұғалімін оқытуды жоспарлап отыр.

Сандарды сөйлетсек:

— бір айдың ішінде 700-ге жуық курс өткізілді;

— 18 мыңнан астам мұғалім оқудан өтті;

— бүгінгі күні 5 мың педагог оқып жатыр;

— «Өрлеу» орталығының 70-тен астам маманы 12 пән бойынша 44 бағдарлама әзірледі.

«Кәсіби біліктілігін арттырғысы келетін ұстаздар санының жыл санап артып келе жатқаны қуантады. Мұндай курстар ұстаздар жұмысының сапасына да, білім сапасына да, жалпы оқушылардың біліміне де оң әсер ететінін түсіну маңызды», — деп атап өтті «Өрлеу» орталығының басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова.

Математика, информатика, физика, химия, биология, география, жаратылыстану, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих және бастауыш сынып мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан тегін өте алатынын естеріңізге саламыз. Курстар қараша айының соңына дейін жалғасады.

Курстың соңында оқытудың тиімділігіне талдау мен мұғалімдердің алған біліміне қорытынды бағалау жүргізіледі. Сондай-ақ мұғалімдер міндетті түрде тест тапсыруы керек. Барлық бөлім бойынша шекті балл жинаған мұғалімдер сертификат алады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.