Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла!» бір айлық облыстық қайырымдылық акциясын ұйымдастырады.
Мақсаты – кітапханалары жоқ мектептердің кітап қорын заманауи басылымдармен толықтыру.
Атаулы Акцияға адами әлеуетті дамыту бөлімдерін, жалпы білім саласының байырғы және қазіргі қызметкерлерін, мектеп түлектерін, ата-аналарды, қоғамдық емес ұйымдарды кітаптар сыйлауға шақырамыз.
2000 жылдан бастап жарық көрген, жақсы жағдайда сақталған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі: ғылыми, тарихи, көркем және балалар әдебиеті тақырыптарындағы заманауи әдебиеттер қабылданады.
Баршаңызды Акцияға қатысуға шақырамыз!